Ғылым адамдары

 

   12  сәуір – Қазақстан Республикасы ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Бүгінде ғылым адамзат тіршілігінің барлық саласын дамытудың басты факторына айналды. Еліміздің ғылыми бірлестіктерімен қатар зауыт ғылымдары да құттықтауларды қабылдауда.

Осы күннң қарсанында жарық көрген бұйрықта зауыт ғылымдарының  ғылымның қалыптасуы мен дамуына қосқан зор үлесі, ғалымдардың алдына қойылған міндеттері жөнінде айтылған. Бұйрыққа сәйкес 10 мамырда 65-ші мерейтойын атап өтетін зауыт ғылымы өз негізін қалаған кезден бастап өзге өндіріс салаларымен бірлесіп ғылымды қажетсінетін және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізуге, өнімнің өзіндік құнын қысқарту және  жоғары қосылған құнды өнімдердің басқа  түрлерін өндіруге бағытталған ғылыми міндеттерді шешуге белсенді түрде ат салысатыны анық. Қазіргі таңда кәсіпорын алдында мекеме қызметінің  жаңа перспективті бағыт-бағдарларын жүзеге асыру тәрізді зор мақсат-міндеттері қойылған. Атап айтқанда, отын таблеткаларын өндіруді жетілдіру, уран-берилий жанармайын өндіру, имплантаттар даярлау және медицина саласында қолдануға арналған асқын өткізгіш сымын өндіру, 3D-технологиясын дамыту, магнит өндіру үшін сирек кездесетін металлдар өндірі және т.б. 

Ағымдағы жылдан бастап осы бағыттарды жүзеге асырумен зауыттың негізгі бөлімшелері мен өндірістерімен қатар «ҮМЗ» АҚ Ғылыми орталық та айналысатын болады. «Болашақты технологияларды іске асыру мен өндеуге қосқан үлесі, бәсекелесе алатын жаңа өнімді шығару кәсіпорнымыздың өркенденуі мен қарқынды дамуының ажырамас бөлігі болатынына сенімдіміз», - деп бұйрықта баса айтылған.  

Қазақстан Республикасы ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орай көп жылдық сiңiрген және адал еңбегi үшiн Орталық ғылыми-зерттеу зертханасының бірқатар жұмыскерлеріне алғыс жарияланды.

«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостов барша қауымды аталған мерекемен құттықтай келе, жұмыскерлердің біліктілігі мен іскерлігі, белсенді азаматтық әрі кәсіби позияциясы техникалық әлеуеттің дамуы және ғылыми өркенденуіне ықпал ететіне сенімін бідірді.

 

«ҮМЗ» АҚ баспасөз-қызметі