ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҮМЗ» АҚ командасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК Спартакиадасының жеңімпазы болды!

Өскемен қаласы                                                         
29 тамыз  2017 ж.    

 «ҮМЗ» АҚ құрама командасы он үшінші рет «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК Спартакиадасының жеңімпазы болып танылды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК Спартакиадасы Астана қаласында 21 және 25-тамыз күндері аралығында өтті. «Спорттық жігер – бізді салауатты өмір салтын ұстанып, спортта да еңбекте де жаңа жетістіктерге, жеңістерге жетелейтін компаниямыздың мінез-құлқы. Биылғы спорт додасы да компаниямыздың спортшыларының кезекті жарқын жеңістеріне негіз болсын деген ниеттемін. Спартакиаданың барлық қатысушыларына тек сәттілік, құштарлық және жарқын әсерлер тілеймін», - деп жыл сайынғы спорт жарыстарының ашылуында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жұмағалиев атап өтті.

 Биыл дәстүрлі спорттық шараға түрлі облыстар мен қалалардан келген атом саласындағы 800 астам қызметкер қатысты.   20 команда мини-футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, бадминтон, шахмат, жеңіл атлетика және армрестлинг бойынша додаға түсіп, бірінші орынға таласты.

 «ҮМЗ» АҚ құрама командасы «А» тобында болды, онда компанияның ең мықты командалары жиналған. Біздің командамыздың құрамына зауыттың ең үздік дене шынықтырушылары: тәжірибелі  спортшылар, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК Спартакиадасының бірнеше дүркін жеңімпаздары мен қатысушылары, осы доданың дебютанттары кірді.

Жеңіске деген күрес қажырлы болды. Үлбішілер армрестлинг пен волейболда бірінші орынға ие болды. Ал теннисте, бадминтонда, жеңіл атлетикада және шахматта екінші орын алды. Баскетболда үшінші орын алды.

Осылайша,  «ҮМЗ» АҚ командасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның ең мықты командасы екінін тағыда дәлелдеп, жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

Анықтама ақпарат: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК Спартакиадасы жылына бір рет өтеді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрамына кіретін кәсіпорындардың қызметкерлері дода қатысушылары болады. Спорттық корпоративтік іс-шараны өткізу бастамасы  «ҮМЗ» АҚ жатады. Бірінші Спартакиада Өскемен қаласында 2001 жылы өтті.

 

 «ҮМЗ» АҚ Пресса қызметі