БАСПАСӨЗ-БАЯНЫ

Е.П. Славскийді еске алу күніне орай

жеңіл атлетикалық жүгіруден  жыл сайынғы жарыс өтті

 

Өскемен қаласы                                                                                        11 қыркүйек 2017 ж.    

 

9 қыркүйекте 100 астам адам жеңіл атлетикалық жүгіруге қатысты. Соның ішінде Өскемен қаласы өнеркәсібінің қызметкерлері, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, колледж студентері мен облыс орталығының тұрғындары.

Жарыс бұрынғы Ортамаш министрі Е.П. Славскийді еске алу күніне орай өткізілді. Бұл шараны өткізу бастамасы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ тиесілі.

Биылғы жылы жеңіл атлетикалық жүгіріс Қала күнімен бірге өтті. Осы окиға біз үшін өте маңызды болды, себебі ҚСРО Жоғарғы Кеңесіне 20 жылдан астам облысымыздың атынан сайланған Ефим Славскийдің жеке қатысуынсыз облыс орталығымыздың қазіргі келбеті мүмкін болмас еді.

        - Ефим Павловичтың өмірі Өскемен қаласымен тығыз байланысқан. Тұрғын үй кешендері, мектептер, балабақшалар, музыкалық мектептер, Спорт сарайы және басқа қалаға сондай қажетті ойын-сауық мекемелердің көбі соның бастамасымен және қолдауымен салынған- деп, жүгіріс қатысушыларына ҮМЗ кәсіподағының төрағасы Василий Семенов атап айтты.

        Белгіленген форматқа сәйкес, жүгіріс ерлер мен әйелдер арасында жастық топтар бойынша жүргізілді. Жүгіріс қатысушыларына бір километр қашықтықты жүгіріп өту қажет болды.

ҮМЗ қызметкерлері өте жақсы нәтижелерді көрсетті. 18 -29 жас категориясы бойынша ерлер арасында екінші орынға Игорь Блинов, ал үшінші орынға Талғат Закирьянов (екеуі де - Тантал өндірісінен), үшінші орынға Ернар Дабынов (қауіпсіздікті қамтамасыз ету отряды) ие болды. 30-39 жастағы қатысушылар арасында бірінші орын Әділет Канафинда, екінші орын Қуаныш Рыспаевта, ал үшінші орын Евгения Курмангалиеваға тиесілі болды (барлығы Тантал өндірісінен). 40 – 49 жас категориясы бойынша үшінші орынға – Андрей Зиновьев ие болды.  50 -59 жастағы ерлер арасында бірінші орынға Олег Чеботарев (Уран өндірісі), екінші орынға – Дмитрий Гусельников (Бериллий өндірісі) ие болды.  60 жастан асқан ерлер арасында мәреге бірінші болып Калий Арынгазинов жетті.

18-29 жас категориясы бойынша әйелдер арасында үшінші орынға Ирина Новицкая (Сервис орталығы) ие болды. 30 – 39 жас категориясы бойынша әйелдер арасында бірінші орын Евгения Савченкоға (Тантал өндірісі), ал үшінші орын Александра Клепиковаға (Тантал өндірісі) тиесілі болды. 40 жастан асқан жас категориясы бойынша мәреге бірінші болып Ирина Захаркина (Сынау орталығы), ал екінші болып Альмира Оразгалиева (қауіпсіздікті қамтамасыз ету отряды) жетті.

16 -17 жастағы жасөспірімдер арасындағы жеңімпазы болып ШҚГК студенті Сабыржан Шаймұрат, ал қыздар арасында Александра Егорина ең жақсы көрсеткіш көрсетті, ал 18 -29 жас категориясы бойынша бірінші орынға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Анастасия Зауэр ие болды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

Анықтама
Славский Ефим Павлович (1898-1991) – мемлекеттік кеңес және партия қайраткері. КСРО-дағы орта машина жасау Министрі (1957-1986). КСРО-дағы жоғарғы кеңес депутаты (1958-1988). Үш дүркін социалистік еңбек қаһарманы (1949, 1954, 1962), КСРО-дағы Лениндік (1980) және үш Мемлекеттік (1949, 1951, 1984) сыйлық иегері. Лениннің он орденымен, Қазан революциясының орденымен, Еңбек қызыл ту орденымен, сонымен қатар, басқа да медальдармен марапатталған. Өскемен қаласының құрметті азаматы.

Е.П. Славский Кеңес Одағындағы және Қазақстанның атом өнеркәсібінің негізін салушы және басшысы болып табылады. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен, Үлбі металлургиялық зауытында атом энергетикасын дамытуға байланысты жобалар белсенді жүзеге асырыла бастады.  Е.П. Славский Өскеменнің және облыстың дамуына өзінің үлкен бір үлесін қосты.

Е.П. Славскийдің еңбектерін еске алу құрметіне орай, 1998 жылы, оның  жүз жылдық  мерейтойы аталынған жылы, Үлбі металлургиялық зауыт қызметкерлерінің ұсынысы бойынша Ертіс жағалауы Е.П. Славский атындағы жағалау атауына ауыстырылған болатын. 2011 жылғы тамыз айының 25 жұлдызында «ҮМЗ» АҚ ұжымының бастауымен оның атын алып жүрген жағалауда аңызға айналған Ортамаш Министріне ескерткіш-мүсін орнатылды.

 

 

·        «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ - атом энергетикасының, электрондық, металлургиялық өнеркәсіптің және басқа қызмет салаларының қажеттіліктеріне арналған әлемдегі танымал уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Казатомпром» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. 

·        «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран мен оның қосындыларының, сирек металдар, атом электростанциялары үшін ядролық отын, арнайы құрал-жабдық, қос арналымдағы технологиялар мен материалдар экспорты бойынша Қазақстанның ұлттық операторы. Компания қызметінің негізгі бағыттары болып табылады: геологиялық барлау, уран өндіру; ядролық отын циклінің өнімдерін өндіру; конструкциялық материалдар өндірісі; энергетика; ғылым; әлеуметтік қамсыздандыру және кадрлар даярлау. Казатомпром Қазақстан Республикасындағы жаңғыртылатын энергетика бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам жұмыс істейді. Казатомпром әлемнің жетекші уранөндіруші компанияларының қатарына кіреді.

 «ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі