БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

«ҮМЗ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ  КӘСІБИ МЕРЕКЕНІ ТОЙЛАДЫ

 Өскемен қаласы                                                                                            28 қыркүйек 2017 ж.

 28 қыркүйек күні «ҮМЗ» АҚ ұжымы Атом саласының қызметкерлер күнін атап өтеді. 

Өткен ғасырдың 40-жылдарында құрылған Үлбі металлургиялық зауыты бұрынғы Кеңес Одағының атомды игеру дәуіріне қатысқан алғашқы кәсіпорындарының бірі болып танылады. Үлбіліктердің алдындағы ұрпағының ерлік таңытқан еңбегі мен жігерлігінің арқасында зауытта бірегей өндірістер құрылған, дүниежүзінде олардың аналогтары көп емес.

Уран өндірісі атом станцияларына арналған уран отынын өндірушісі болып саналады. Уран құрамдас материалдарды сақтау және олармен жұмыс істеудің  жарты ғасырдан артық сәтті тәжірибесі, қызметкерлердің жоғары біліктілігі және кәсіпорынның мінсіз атағы АЭХА Төмен байытылған уран банкін орналастыру аумағы ретінде ҮМЗ таңдауда елеулі негіз болды.

АЭХА ТБУ Банкінің ашылу рәсімінде АЭХА Бас директоры Юкия АМАНО АЭХА қауіпсіздік стандарттарын қолданумен қанағаттанғанын атап өтті, және ҮМЗ қызметкерлерінің біліктілігіне ризашылық танытты.

Қазір Үлбі металлургиялық зауыты алдында бұдан кем емес жауапты мәселелер тұр. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК стратегиясының шеңберінде  кәсіпорында екі жаңа өндірісті құру бойынша жобалар іске асырылуда. Бұл жылуды өндіретін құрастырмалар мен аффинаж өндірісі. Осы жобалар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК стратегиясында басым болып, Қазатомөнеркәсіпті  АЭС үшін отын жасаудың толық айналымы бар тікелей біріктірілген компанияға  түрлендіруге, сондай-ақ өндірістің желісін кеңейтуге бағытталған.

 «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының міндеттерін атқарушы  Анатолий Кучковский қызметкерлерді және ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, келесіні атап өтті:

–                Бүгінгі ҮМЗ атомшылары ұрпағының мәселесі зауыттың және жалпы саланың  болашақтағы дамуын қамтамасыз етіп, өндірістің үздік дәстүрі мен табылмас мәдениетін сақтау болады.

Көпжылдық жемісті еңбегі және атом саласының дамуына елеулі үлес қосқандығы үшін Атом саласындағы қызметкерлер күні — кәсіби мерекемен байланысты ҮМЗ-ының алты қызметкері «ҚР атом саласындағы еңбек сіңірген қызметкері» атты атаққа ие болды.

Адал және өнімді еңбегі үшін «ҮМЗ» АҚ қызметкерлерін еңбек жетістіктері үшін Марапаттау кодексіне сәйкес 10 адам «ҮМЗ» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

·             «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ - атом энергетикасының, электрондық, металлургиялық өнеркәсіптің және басқа қызмет салаларының қажеттіліктеріне арналған әлемдегі танымал уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. 

·             «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран мен оның қосындыларының, сирек металдар, атом электростанциялары үшін ядролық отын, арнайы құрал-жабдық, қос арналымдағы технологиялар мен материалдар экспорты бойынша Қазақстанның ұлттық операторы. Компания қызметінің негізгі бағыттары болып табылады: геологиялық барлау, уран өндіру; ядролық отын циклінің өнімдерін өндіру; конструкциялық материалдар өндірісі; энергетика; ғылым; әлеуметтік қамсыздандыру және кадрлар даярлау. Казатомпром Қазақстан Республикасындағы жаңғыртылатын энергетика бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам жұмыс істейді. Казатомпром әлемнің жетекші уранөндіруші компанияларының қатарына кіреді.

 

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі