КӘСІПОДАҚПЕН КЕЗДЕСУ 

 

18 қазан күні «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостовтың зауыт кәсіподақ активтерімен жоспарлы кездесуі өтті.

Юрий Викторович дәстүр бойынша осы жылғы шілде айындағы еңбек ұжымы өкілдерімен соңғы кездесуінен кейін болған елеулі оқиғаларды баяндаудан бастады.

Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Шығыс – Қазақстан облысына жасаған ресми сапары мен төмен байытылған уран банкінің ашылу салтанаты туралы, сонымен қатар Ғалымжан Пирматовтың Қазатомөнеркәсіп басшысы ретінде тағайындалуы турлы айтып берді. Кейіннен Юрий Викторович Үлбі металлургиялық зауытында трансформация бағдарламасы шеңберінде жасалып жатқан жобалардың жүзеге асырылуы жайлы айтып берді. Кәсіпорын басшысы еңбек өнімділігін арттыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлді. Оның айтуынша өндірістің негізгі көрсеткіштері, тоғыз ай ішінде өндіріс көлемі  бойынша 94,6 пайызға, өндірістік өзіндік құн бойынша – 100,2 пайызға орындалған. Таза кіріс жоспарланғаннан да көп болып шықты – бұл жоғары көрсеткіштердің бірі.

Кездесу соңында Басқарма Төрағасы зауыттықтардың сұрақтарына жауап берді.

 

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі