БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ өз туған күнін тойлады

Өскемен қаласы                                                                                     27 қазан  2017 ж.    

29 қазан күні Үлбі металлургиялық зауыты 68-ші Туған күнін атап өтеді. Бұл күні 1949 жылы кәсіпорында алғашқы өнім – торий оксалаты алынған.

ҚСРО Атом жобасының шеңберінде құрылған зауыт уақыт өте жаңа өндірістерді салды, шығаратын өнімнің топтамасын кеңейтті және жаңа өткізу нарқтарына шықты, осымен өзіне болашақтағы дамуына іргетасын құрды.

Уран өндірісінде Қытай нарығына арналған отын таблеткаларын шығару бойынша келісімшарт жүзеге асырылуда. Отын таблеткаларының екі жеткізілімі Қытайда сәтті қабылданды, оларды жоғары сапасы расталды. Үлбі металлургиялық зауыты бериллий мен танталдан жасалған бұйымдардың Қазақстандағы жалғыз экспорттаушысы болып табылады. Нарықта тұрақты орынымызды сақтау мақсатында зауыттықтар шығарылатын өнімнің сапасын әрдайым жоғарлатады және оның жаға тұрлерін меңгереді.

– Бүгін Үлбі металлургиялық зауыты қызметінің барлық бағдары бойынша қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне сәйкес болуды, салалық стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды паш етеді - деп, «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостов зауыттың ардагерлері мен қызметкерлеріне жолдап айтты.

Трансформация бағдарламасының аясында кәсіпорында екі жаңа өндірістерді құру бойынша жобалар іске асырылып жатыр. Әңгіме Қытай компаниясымен бірігіп жылу өндіретін құрастырмаларының өндірісі және Cameco Канада компаниясымен бірге аффинаж зауытын құру жайлы болып жатыр. Осы жобалар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК стратегиясында басымды болып келеді және АЭС үшін отын жасаудың толық айналымы бар тікелей біріктірілген компанияға Қазатомөнеркәсіпті түрлендіруге, сондай-ақ өндірістің желісін кеңейтуге бағытталған.

Үстіміздегі жылдың тамызында Төмен байытылған уран (ТБУ) Банкінің, АЭХА аясында дүниежізіндегі алғашқы Банктің ашылуы болды. ТБУ Банкін ҮМЗ аумағында орналастыру Үлбіліктер үшін үлкен құрмет болды, сонымен қатар жоғары сенімділіктің белгісін, зауыт қызметкерлерінің кәсіпқойлығының жоғары бағасын және оның мінсіз беделін жариялады.

Кәсіпорыннның барлық жетістіктері – бұл, алдымен, барлық ұрпақтағы үлбіліктердің жаңқиярлықтың нәтижесі, олардың жоғары біліктілігі.

Бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша Зауыттың күні алдында ҮМЗ-да жалпы іске өзінің еселі және жасампаз еңбегімен беделді үлес қосқандарды белгілейді. Осы жылы зауыттың Құрмет кітабына Үлбі жобалық-конструкторлық институтының директоры Федор Глухихтың және Қойма шаруашылығының теміржол көлігі жөніндегі бастықтың орынбасары Сергей Казанцевтың аты-тектері жазылады. «Зауыт ардагері» атақ 10 зауыт қызметкеріне берілді. 10 қызметкер Құрмет грамоталармен марапатталса, 200 зауыттыққа алғыс жарияланды. Сонымен қатар барлық жұмысшылар ақшалай сыйақымен мадақталды.

Үлбі металлургиялық зауытының туған күніне орай мерекелік іс – шаралар өтті. «ULBA» ОМҮ «Земляне» тобының қатысумен мерекелік концерт өтті.

 

 

·             «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ - атом энергетикасының, электрондық, металлургиялық өнеркәсіптің және басқа қызмет салаларының қажеттіліктеріне арналған әлемдегі танымал уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. 

·             «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран мен оның қосындыларының, сирек металдар, атом электростанциялары үшін ядролық отын, арнайы құрал-жабдық, қос арналымдағы технологиялар мен материалдар экспорты бойынша Қазақстанның ұлттық операторы. Компания қызметінің негізгі бағыттары болып табылады: геологиялық барлау, уран өндіру; ядролық отын циклінің өнімдерін өндіру; конструкциялық материалдар өндірісі; энергетика; ғылым; әлеуметтік қамсыздандыру және кадрлар даярлау. Казатомпром Қазақстан Республикасындағы жаңғыртылатын энергетика бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 26 000-нан астам адам жұмыс істейді. Казатомпром әлемнің жетекші уранөндіруші компанияларының қатарына кіреді.

 

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі