Нәтижелі жақсартулар

«ҮМЗ» АҚ-да «10 000 жақсартулар» бағдарламасы әрекет етіп бастағанына қазан айында 17 жыл болды. Ол «Гемба Кайдзен» үнемді өндіріс қағидаттарына негізделген.

«Кайдзен» құралдарын ҮМЗ қызметкерлері бірден қолдана бастады. «10 000 жақсартулар» атты атауына қарамастан, зауыттықтар бұл саннан әлдеқайда асып түсті.

«10 000 жақсартулар бағдарламасы шеңберінде 17 жылда ҮМЗ қызметкерлері (30.09.2023ж. қарасты) 17 001 идея ұсынды, олардың ішінен – 11 401 жүзеге асырылды, бағдарламаға қатысушылар саны – 2 580 қызметкер. Ал рационализаторлық ұсынысты енгізуден экономикалық тиімділік шамамен 1,8 млрд теңгені құрады!

Міне бір мысал. Уран өндірісінде ағымдық жылда «АВН 1,6/32 құйынды сорғының түбін қалпына келтіру» жобасы іске асырылды. Авторлары: Евгений Ковтун, Владимир Антропов, Александр Шушаников.

Александр Шушаников, уран өндірісі «В» цехының механигі:

– Біз «сорғы түбі» бөлігінің беттерін механикалық өңдеу арқылы АВН 1,6/32 құйынды сорғының жұмысын қалпына келтіру технологиясын қолдануды ұсындық. Оған мыналар кіреді: түбін алып тастау, оның зақымдалған бетін токарлық-бұрандалы станокта өңдеу (бұл ретте деталь материалының қабаты шешіледі 0,5-ден 1,0 мм дейін). Әрі қарай, сорғыны жеке құрастыру жүргізіледі –бұл процестегі өлшем тізбегі сорғы жиынтығына кіретін арнайы металл тығыздағыштармен өтеледі. Бұл ретте сорғының жұмыс камерасының өлшемдері бұзылмайды, құрамалардың герметикалығы компенсаторлық фторопласт төсемімен қамтамасыз етіледі. Көрсетілген операцияны екі рет жүргізуге болады. Әзірленген технология сорғының өнімділігі мен техникалық сипаттамаларын аз шығындармен қалпына келтіруге, өнімнің қызмет ету мерзімін ұзартуға және қымбат жөндеу бөлшектерін сатып алуды болдырмауға мүмкіндік береді.