Дәнекерлеу – осал іс!

ҮМЗ-де жыл сайынғы кәсіби шеберлік конкурсы өтті.

Байқау-конкурстың тақырыбы «ҮМЗ» АҚ ең үздік электргазбендәнекерлеушісі», дәстүр бойынша Өскемен көп бейінді технологиялық колледжінде өткізілді. Бұл кадрларды даярлау бойынша зауыттың бұрыннан келе жатқан серіктесі.

Іс-шараға қатысушыларға келсек, осы жолы жеті қатысушы болды.

– Байқау-конкурс дәнекерлеуші мамандығының мәнін арттыру мақсатымен өткізіледі, себебі дәнекерлеу жұмыстарынсыз ҮМЗ бір де бір өндірісі толыққанды жұмыс істей алмайды, – деп іс-шараны әділ-қазылар төрағасы, жабдықтарды пайдалану қызметінің бастығы Павел Борисович Казанцев ашты.

Жарыс екі кезеңнен өтті – тестілеу және тәжірибелік тапсырмалар.

Ұпай санын есептеу қорытындысы бойынша «ҮМЗ» АҚ ең үздік электргазбендәнекерлеушісі» атағына Алексей Бастоногов (тантал өндірісі) ие болды! Екінші орынды Александр Говоруха (тантал өндірісі), ал үшіншіні – Андрей Семенов (уран өндірісі) иеленді.