WOMEN IN STEM

Астанада бүгінгі таңда өзекті тақырып – атом саласын дамытудағы әйелдің рөлі туралы форум-диалог өтті. Барлық спикерлер, әрине, асыл жанды арулар.

STEM – ғылым, технология, техника және математика саласында әйелдің білім алуы мен қызмет етуі.

Кездесудің форматы – гибридті offline+ online, мәртебесі – халықаралық. Қатысушылар: Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекістан, Қырғызстан. Ұйымдастырушылар: «Қазақстан ядролық қоғамы» ассоциациясы және «Атом саласының әйелдер бірлестігі» әйел бастамаларын қолдау және дамыту қоры.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниялар тобы атынан екі маман сөз сөйледі – Жаннат Кожагилдина, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әлеуметтік жұмыс жөніндегі департаменттің директоры және Галина Гусакова, ҮМЗ ҒО уран зертханасының жетекші инженер-зерттеушісі.

Галина Васильевна «Әйелдер технология мен инновациялардың тұрақты дамуы үшін» блогы атынан шықты:

– Жалпы біздің зауытта 35 жасқа дейін 814 жұмыскер жұмыс істейді, олардың 234 (29%) – қыздар, олардың 106 (45%) жұмысшы кәсібі бойынша қызмет етеді, 128 (55%) – қызметшілер.

Ғылымда үнемі ерекше, білімқұмар, кез келген күрделі тапсырманы шешуге бағытталған адамдар болатынын айтып өткім келеді. ҮМЗ ғылыми орталығында жалпы құрамның 53% – әйелдер, олардың 38% – инженерлік-техникалық жұмыскерлер. ҒО төрт зертханасының екеуін әйелдер басқарады.

Зауытта жан-жақты даму үшін қолдау және жанға жайлы жағдай құрылған, талантты және белсенді әйелдерді қоғамдық процестерге көбірек тартуға мүмкіндіктер бар. Бірақ сіздің еркек немесе әйел болуыңыз – маңызды емес екенін жеткізу керек. Ең бастысы – кәсібилік, еңбекке құштарлық және зауыттың игілігі мен елдің тұрақты дамуы үшін жұмыс істеуге деген ұмтылыс.