Зор табыс

«Отынның сапасы мінсіз және барлық техникалық талаптарға сәйкес келеді» – бұл «ҮМЗ» АҚ мекенжайына «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК алғыс хатынан үзінді.

2021 жылғы маусымда ҚР ҰЯО мен ҮМЗ арасында ҚР ҰЯО импульстық зерттеу реакторына (ИЗР) арналған стандартты емес отын таблеткаларын дайындау және жеткізуге үшжылдық шарт жасалған. Бұл SAIGA бірегей жобасы шеңберінде француздық СЕА (Атом энергиясы жөніндегі комиссариат) қатысуымен халықаралық жоба.

Евгений Кириллов, ҮМЗ ҒО уран зертханасының бастығы:

– Жобаның басты мақсаты – апатты жағдайларда ASTRID француз реакторының отын құрамасының әрекет етуін зерделеу. Алға қойған мақсатты іске асыру ИЗР реакторына стандартты емес отынды салып, онда арнайы жағдай туғызғанда ғана мүмкін болады.

Уран зертханасының мамандары уран өндірісі, сынау орталығының, «МАШЗАВОД» ЖШС көмегімен қысқа уақыт ішінде қажетті дайындық жұмыстарын жүргізді. Таблеткаларды дайындаудың қиындығы олардың диматерінің 6 мм болуымен байланысты, бұл УӨ шығарылатын өлшемнен едәуір аз.

Әзірленген схема бойынша және барлық талаптарды сақтаумен 2021 жылы бірінші партия шығарылды және тапсырыс берушіге жеткізілді. 2022 жылы екінші партия, ал 2023 жылы – үшінші соңғы партия жіберілді.

Манарбек Кылышканов, ҮМЗ ҒО бастығы:

– ҮМЗ және ҚР ҰЯО үш жылғы жұмысын сапалы және уақтылы деп бағалауға болады. Барлық қызмет уран өндірісінің базасында жүргізілді. Бұл отын таблеткалары SAIGA халықаралық жобасына қатысады, сондықтан біздің өніміміз әлемдік стандарттар деңгейінде бағаланады деп санауға болады. Біз стандартты емес тапсырмаларды шешуде жаңа құзыреттер мен уран өндірісінің бірегей мүмкіндіктерін көрсеттік.